2025 жылы СКО-да қанша шақырым автожол жөнделеді
2024 жылы 1 002 км жол жөнделді. Оның ішінде 208 км республикалық маңызы бар, 630 км жергілікті маңызы бар және 163,6 км көше-жол желісі құрайды. СКО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, атқарылған жұмыстардың арқасында жергілікті желідегі жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 84%-ға, республикалық желідегі үлесі 87%-ға жетті, деп хабарлайды QZ News.
«Біздің облысымыз еліміздегі жол ұзындығы бойынша екінші орын алады. Соңғы екі жылда 1,6 мың км-ден астам жалпы пайдаланымдағы автожолдар жөнделді. 2025 жылы жергілікті желі мен көше-жол желісінде шамамен 800 км, республикалық маңызы бар автожолдарда 300 км жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда», – деп атап өтті СКО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағындағы автожолдардың жалпы ұзындығы 8 416 км-ді құрайды, оның ішінде 1 970 км республикалық маңызы бар, 1 983 км облыстық маңызы бар және 4 463 км аудандық маңызы бар жолдар бар.