Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 5-мектепте инклюзия кабинеті ашылды

5-мектепте инклюзия кабинеті ашылды

Солтүстік Қазақстан мектептерінде инклюзивті қолдау кабинеттерінің саны артып келеді. Инклюзивті білім беру жүйедегі маңызды буындардың бірі болып табылады. Ол барлығына жоғары сапалы білім беру үдерісінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

5-орта мектепте ерекше білім беруді қажет ететін 22 бала оқиды, оның 3-інде жеке педагогтар бар. Жаңа инклюзия бөлмесін ашуға облыстық бюджеттен 5 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Сынып «ерекше» балаларды оқытуға қажеттінің бәрімен жабдықталған. Бұл балалардың қоғамның белсенді өміріне араласуына және қоршаған ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді, – дейді қызметкерлер.

«Инклюзивті қолдау кабинеті кәсіби қызметкерлермен, логопедпен, психологпен, дефектологпен қамтамасыз етілген. Ол мінез-құлық пен танымдық қабілеттерді түзететін заманауи құралдармен жабдықталған», – дейді №5 орта мектептің директоры Күлімкөз Смайылова.

 

Shares