Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Айыртау ауданының инфрақұрылымы туристердің қолжетімділігі үшін дамуда

Айыртау ауданының инфрақұрылымы туристердің қолжетімділігі үшін дамуда

Өткен жылдан бері Айыртау ауданында бес демалыс аймағы жаңғыртылды. Іске 500 млн теңге жұмсалды. Олардың ішінде «Родники» демалыс аймағының жатын корпусын жаңарту, «Шалқар ауылы» демалыс аймағында киіз үйлер орнату, сондай-ақ «Солнечное ВИП» демалыс аймағында жазғы мейрамхана ашу бар. 1,8 млрд теңге инвестициямен 9 демалыс аймағын жаңғырту және кеңейту аяқталды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Сондай-ақ, ауданның инфрақұрылымы туристерге қолжетімділікті арттыру және жолдардың сапасын жақсарту мақсатында дамуда.

“Өткен жылдары “Солнечное ВИП” демалыс аймағына кіреберісті және “Шалқар су” шипажайына баратын жолды қоса алғанда, 1,5 млрд теңге сомаға ұзындығы 39,3 км болатын үш автомобиль жолы жөнделді. Ағымдағы жылы «Сокол» БСО-да 400 млн теңге сомаға жол құрылысы аяқталды. Жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайтын “Арман”, “Тұрпан” демалыс базаларына және “Олимпиец” БСО-на баратын жолдарға асфальт төсеу жұмыстары аяқталды, онда 369 млн теңге игерілді”, – деді Мейрам Меңдібаев брифингте.

Келер жылы “Бастау”, “Черная лагуна”, “Горняк”, “Переузина” демалыс базаларына, “Заря” БСО жолдарына жөндеу жүргізіледі, Имантау ауылындағы Промкомбинатқа дейінгі, Никольское ауылындағы “Ботай” мұражай-қорығына дейінгі, Сырымбет ауылындағы “Айғаным” қонысына дейінгі жалпы ұзындығы 19 км жол жөнделеді, «Ана мен бала үйі» шипажаййына кіреберіс жолында жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.

Shares