Алдағы екі жылға арналған СҚО бюджетіндегі нақтылауды қоғамдық кеңес мүшелері мақұлдады
Солтүстік Қазақстан облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті қоғамдық кеңестің отырысында нақтыланды. Бұл мәселе бойынша СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бірінші кезектегі шығыстар бойынша облыстық бюджеттің шығыс бөлігін мынадай бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұлғайту ұсынылады: облыстық білім басқармасына 1 млрд 578, 7 млн теңгеге, оның ішінде қатты отынға көшуге және тарифті ұлғайтуға 1 млрд 26,5 млн теңге, “Оқжетпес” лагерін жөндеуге 136,8 млн теңге, Уәлиханов ауданындағы Қайрат мектебін күрделі жөндеуге 230,4 млн теңге”, – деді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.
Білім беру саласында ең үлкен сома, атап айтқанда 230,4 млн теңге Уәлиханов ауданындағы Қайрат мектебін жөндеуге жұмсалады. Облыс мектептерінде интернетті жақсарту үшін 111 млн теңгеден астам қаражат қажет. Қазақ театрының ескі ғимаратының тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар арзан тұрмайды. Олар үшін 589 млн теңгеден астам қаражат қажет. Крепостная және Н. Назарбаев көшелері қилысатын тұстағы 180 пәтерлі үйдің құрылысына да шамамен осындай сома жұмсалады. Қоғамдық кеңес мүшелерін ТКШ және энергетика саласының шығындары қызықтырды. Бейінді ведомствоға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл сомаға желілерді ағымдағы жөндеуге кететін шығындар кіреді. Бұл 228,3 млн теңге.
“Мен барлық желілерді жөндеу тарифке енгізілетінін білемін, халық ол үшін ақша төлеп жатыр. Неліктен әкімдік бұл жөндеуге тағы ақша бөледі?”,- деп пікір білдірді облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Евгений Кинцель.
Наталья Дышкант бұл сұрақтың жауабы оның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Дауыс беру кезінде қоғамдық кеңес мүшелері бекітілген облыс бюджетін мақұлдады.