Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “AMANAT” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді топтары мыңнан астам адамды қабылдады

“AMANAT” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді топтары мыңнан астам адамды қабылдады

“AMANAT” партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді топтары су тасқынынан зардап шеккендерге төлемдерді тағайындау бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуде. 6 мобильді бригаданың құрамына банктердің, әлеуметтік қорғау жүйесінің және техникалық түгендеу бюросының, ХҚКО қызметкерлері кірді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Осы аптада бізде мыңнан астам адам қабылданды. Бұл – Ғ. Мүсірепов, Қызылжар аудандарының және тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар. Мұндай мобильді топтар қазір өте қажет, өйткені адамдардың көңіл-күйі жоқ, олар шатасады, көптеген адамға құжаттармен айналысу қиынға соғады. Біз оларға көмектесеміз. Адамдар алғыс білдіреді”, – деді “AMANAT” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Гүлфира Рамазанова.

Зардап шеккендердің 50-ден астамы мобильді топтар жанындағы ХҚКО қызметкерлерінен кеңес алды. Көбінесе адамдар құжаттарды қалпына келтіру үшін көмек сұрайды. Зардап шеккендер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама ала алады, құжаттарды, жеке куәлікті, паспортты, зейнетақы куәлігін қалпына келтіру бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты проблемалық мәселелер бойынша, яғни құжаттарды, техникалық паспортты қалай қалпына келтіруге болатындығы туралы ақпар алады.

“ХҚКО-ларда қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда біз дүйсенбіден жұмаға дейін 5 мың адамды қабылдадық. Барлығында жылжымайтын мүлікке түпнұсқа құжатты, жеке куәлікті, тіркелген құқықтар туралы анықтаманы қалпына келтіру мәселесі туындады”,-деді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджері Анар Құсанова.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді топтары 5 сәуірде жұмысқа кірісті. Мамандар облыстың барлық эвакуациялық пункттерінің тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Shares