Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аққайың ауданында фанер өндірісінің көлемі артып келеді

Аққайың ауданында фанер өндірісінің көлемі артып келеді

Алдын ала мәлімет бойынша, Аққайың ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындары биылғы жылдың басынан бері 8,1 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жанар Құсайын атып өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Биыл жыл басынан бері «Солтүстік бройлер» құс фабрикасында қуаттылығы сағатына 5 тонна өнім беретін жем кәсіпорны, 40,8 мың дана жұмыртқа шығаратын инкубатор салынды.Токуши ауылында фанера өндірісінің көлемі ұлғайып жатыр, Дайындық ауылында майлы дақылдарды өңдейтін цех іске қосылады. Оның қуаттылығы тәулігіне 7 тонна дайын өнімді құрайды», – деді Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын брифинг барысында.

Shares