Аққайың ауданында төрт ауылда электр желілері жөнделеді
Биыл Аққайың ауданында Власовка, Қиялы, Черкасское, Новороссийск, Смирново ауылдарының көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Жанар Құсайын айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«2025 жылы Қиялы, Власовка, Шағалалы және Смирново ауылдарындағы аудандық электр желілерін жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Аудан орталығында қосалқы станцияны қайта жаңғырту жоспарлануда», – деді Жанар Құсайын брифинг барысында.