Аққайың ауданының ардагерлері білім беру, денсаулық сақтау нысандарын және агрокәсіпорындарды аралады
Аққайың ауданының ардагерлер кеңесі үшін агрокәсіпорындарға, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына экскурсия ұйымдастырылды. Басты мақсат – кәсіпорындар өндірісін аға буын өкілдеріне көрсету, сондай-ақ аудан үшін маңызды әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныстыру, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Экскурсиялық сапарға аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Байзақ қатысты. Ол ауыл шаруашылығы саласын қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, осы саланы дамыту ауданның әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды басымдық болып табылатынын тілге тиек етті.
“Сапар барысында негізгі кәсіпорындарға ат ізі салынды, басшылармен және қызметкерлермен кездесулер ұйымдастырылып, өзекті және ағымдағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, біздің ақсақалдарға аграрлық сектордағы жетістіктер мен тың бастамалар туралы баяндалды”, – деп айтылды аудан әкімдігінде.
Агрофирмалардың сапарынан кейін экскурсияға қатысушылар Дайындық негізгі мектебінде, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде, фельдшерлік-акушерлік пунктте, «Оқжетпес» сауықтыру лагерінде және Астрахан орта мектебінде болды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері өз кезегінде еңбек жағдайын жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша өз тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті.