Ақжар ауданында 11 шаруашылық жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды
2024 жылы Ақжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспары 7 мың гектарды құрайды. Бұл туралы жыл қорытындысын шығара отырып, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Рүстем Елубаев баяндады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Мемлекеттік меншікке қайтадан 7264 га жер алынды. Оның ішінде: егістік – 470 га., жайылым – 6731 га. Пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 61 769 га алқапқа ие 11 шаруашылық өкілдеріне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, соның ішінде егістік – 21263 га, жайылым – 39551 га. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда”, – деді Ақжар ауданының әкімі Рүстем Елубаев.
Аудан басшысы аталған шаруашылықтарға қатысты салықты 20 есе ұлғайту қолданылып жатқанын, ол 85 млн теңгеден асып түскенін атап өтті.