Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ақжар ауданында су қымбаттауы мүмкін

Ақжар ауданында су қымбаттауы мүмкін

Петропавлда табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастамасымен кезекті қоғамдық тыңдалым өтті. Бұл жолы күн тәртібіне Ақжар ауданында ауыз судың құнын арттыру мәселесі шығарылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Департаментте бекітілген тарифтерді өзгерту туралы өтінім бар. Бұл құжат “Болашақ” ЖК және “Ақжар-Су” ЖШС қатысты. Аталған монополистер СҚО-дағы тарату желілері бойынша су беру жөніндегі реттелетін қызметтерді ұсынады. Мәлімделген жобаға сәйкес, тариф ҚҚС есептемегенде әр текше метрі үшін 470 және 490 теңгеге дейін ұлғаяды”, – деді СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов.

Ведомство басшысы бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім жақын арада қабылданатынын мәлімдеді. Монополистердің өтініші қанағаттандырылмауы да мүмкін.

“Егер өңірлік комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар туындаса немесе тұтынушылар тарапынан ұсыныстар болса, департамент ұсынылған материалдар негізінде қосымша талдау жүргізетін болады. Екі апта ішінде біз тарифті бекіту немесе бас тарту туралы тиісті шешім қабылдаймыз”, – деп түсіндірді Дамир Тоқтамысов.

Ағымдағы жылдың екі айында облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде 15-тен астам қоғамдық тыңдау өткізіліп, онда түрлі тарифтерді бекіту немесе бекітпеу мәселесі талқыланған.

Shares