Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Азаматтар тарапынан үлкен наразылық болған жоқ”, — деп СҚО әкімі “Бірлік” шағын ауданындағы үйлердің жай-күйіне түсініктеме берді

“Азаматтар тарапынан үлкен наразылық болған жоқ”, — деп СҚО әкімі “Бірлік” шағын ауданындағы үйлердің жай-күйіне түсініктеме берді

Брифингте өңір басшысына «Бірлік» шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге қысқа мерзімде салынған үйлердің сапасына қатысты сауалдар жолданды. Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа тұрғындардан шағым бар-жоғын айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Біз 700 үйдің тұрғындары үшін чат құрдық, онда қала әкімі, құрылыс компанияларының өкілдері және тиісті басқарма басшылығы бар. Мердігерлер үйлерге екі жыл кепілдік берді. Егер ақаулар пайда болса, олар дер кезінде жойылады. Азаматтар тарапынан айтарлықтай шағым болған жоқ», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Shares