Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Азық-түлік қауіпсіздігі: СҚО-да Тұрақтандыру қорына көкөніс сатып алу басталды

Азық-түлік қауіпсіздігі: СҚО-да Тұрақтандыру қорына көкөніс сатып алу басталды

«Солтүстік» ӘКК» АҚ-ы Тұрақтандыру қорына 2023-2024 жылғы маусымға арнап көкөніс сатып ала бастады. Тұрақтандыру қорына 1300 тонна картоп, 450 тоннадан пияз бен сәбіз, 470 тоннаға жуық қырыққабат сатып алынады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тұрақтандыру қорында «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 14-ін сатып алады. Олардың ішінде облыста өндірілмейтін қант, күріш және өсімдік майы сынды өнімдер де бар. Сатып алу несиелік шарттарды, форвардтық сатып алу-жеткізу шарттарын жасау арқылы жүзеге асырылады. Сатып үш бірдей тәсіл арқылы жүргізіледі.

Корпорация сайтында қандай өнім және қандай бағамен сатып алынатыны туралы хабарландырулар жарияланады. Кәсіпкер АҚ-ға әріптестік орнату үшін қажетті құжаттар пакетімен жүгіне алады.

Shares