Бескөл ауылында гуманитарлық көмек беретін екі пункт жұмыс істеп тұр
Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек беретін пункттер жұмысын жалғастыруда. Бескөл ауылында екеуі бар, оның бірі елді мекеннің мәдениет үйінде орналасқан, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Мұнда барлық ауылдық округтерден көмек сұрап келеді. Қызылжар ауданы ЖРО директорының м.а. Әлсейіт Тоқайдың айтуынша, су, азық-түлік, төсек-орын, гигиена құралдары алдын-ала дайындалып, содан кейін беріледі. Ауыл тұрғындарын тіркейді, қажетті тауарларды беру үшін олардың отбасы құрамын біледі.
“Біздің үй су астында қалды. Су терезелерге жетті. Аулада әлі де көп су тұр. Өте көп. Қашан кететінін білмеймін. Гуманитарлық көмек үшін алғыс айтамын. Барлық адамдарға үлкен рахмет”, – деді Бескөл ауылының тұрғыны Людмила Цыганова.
Қоса кетейік, күн сайын мәдениет үйінен 50-ге жуық адам көмек алады.