“Бір ауыл – бір өнім”: конкурсқа қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
“Бір ауыл – бір өнім” жобасының финалистері үшін Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Олар бақ сынаушыларға жобаға одан әрі қатысудың тетіктері туралы йайтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бір ауыл – бір өнім” байқауы биыл Қазақстанда “Мен кәсіпкер” кәсіпкерлік әлеуетін дамыту” бизнесті қолдау жөніндегі ұлттық жоба аясында басталды. Оның негізгі мақсаты – жергілікті өнімнің сапасын арттыру және жергілікті брендтерді шығару, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру. Бұл жобаға солтүстікқазақстандық 15 тауар өндіруші қатысты. Олардың үшеуі үздік атанды.
“Бұл – жеке кәсіпкерлер Ярослава Пилипушко, Лариса Первушина және Ольга Даньшина. Олар өндіретін өнім одан әрі маркетингтік сүйемелдеуге ие болады, ал ол үшін кәсіпкерлер қазақстандық өндірушілер мен шығарылатын өнімдерге қойылатын бірқатар рәсімдер мен талаптарды сақтауы қажет. Финалистерге техникалық және санитарлық нормалар туралы толық түсінік беру мақсатында мемлекеттік органдармен кездесу ұйымдастырылды”, – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.
Диалог барысында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің әртүрлі аспектілері, соның ішінде өндіріс, сақтау, тасымалдау процесіне қойылатын талаптар және т.б. талқыланды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мемлекеттік орган өкілдерімен мұндай кездесулері шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға ықпал етеді, өндірістің, оның ішінде ауылдағы өндірістің тұрақты дамуын қолдайды, бизнесті кеңейтуге мүмкіндік береді.