Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Биыл СҚО-да қылмыс саны азайды

Биыл СҚО-да қылмыс саны азайды

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік қылмыс түрлерінің барлығы дерлік азайған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі. Бұл туралы СҚО ӨКҚ брифингінде полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов айтты.

Биыл аса ауыр санаттағы қылмыстардың саны 17%-ға өсті. Бұл есірткі қылмысына қарсы күрес жұмысының күшеюімен байланысты болып отыр. Айта кету керек, аса ауыр қылмыстардың жартысынан көбі – есірткі сату. Ал ауыр қылмыстар саны 16,2%-ға азайды.

Қоғамдық тәртіпті қорғау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне келер болсақ, қолда бар көрсеткіштер бойынша жағдай тұрақты.

Мынандай қылмыс саны төмендеді:

✓ қоғамдық орындарда 14,6%-ға;

✓ көшелерде 19,4%-ға;

✓ мас күйде жасалған 2,1%-ға;

✓ тұрмыстық қылмыс 23,7%-ға.

 

Shares