Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Біз адамдардың оң көзқараста екенін байқап жүрміз”: Өңірлік халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда

“Біз адамдардың оң көзқараста екенін байқап жүрміз”: Өңірлік халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда

Өңірлік халықтық штаб мүшелері Болат Қожахметов пен Сәуле Сұрағанова “БЕСТ” гимназиясының ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді. Олар жиын барысында мемлекет басшысының Жолдауы және Президенттің Қазақстанда АЭС салуға қатысты ұсынған референдум төңірегінде әңгіме өрбітті, деп хабарлайды QZ news тілшісі.

“Өңірлік халықтық штабтың мүшелері халықпен ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуде. Біз әртүрлі ұйымдарға барамыз, еңбек ұжымдарымен әңгімелесеміз, Қазақстанда АЭС салудың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып береміз. Көбінесе адамдар мұндай объектінің қауіпсіздігіне қатысты алаңдайды, біз АЭС-тың зияны туралы жалған пікірлерді жоққа шығарамыз, атом энергиясының пайдасы туралы айтамыз. Адамдар негізінен оң көзқараста екенін байқап жүрміз, референдум күні қатысу көрсеткіші жоғары болады деп ойлаймыз”, – деді Өңірлік халықтық штабтың мүшесі Сәуле Сұрағанова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді.

Shares