БИЗНЕС-ЖОСПАР: кәсіпкер аудан орталығында сұлулық студиясын ашты
Камила Хасенова үнемі өзінің сұлулық студиясын ашқысы келіпті. Ол студияның қандай болатынын да елестетіп, интерьерді ойша құрастырған. 2023 жылы талапты қыздың арманы орындалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Колледжді бітірген кезде “Бастау бизнес” бағдарламасы жайлы, ол бойынша істі енді бастаған кәсіпкерлер білім алатынын естідім. Бизнес-жоспар құрдым, оқудан өттім, жұмысты комиссияға таныстырдым, осылайша грант иегері болғанымды білдім. Бөлме менікі. Грант қаражаты үстелдер, орындықтар, яғни жабдықтар сатып алуға кетті. Мен әлеуметтік желілерде парақшалар жүргіземін, олар арқылы бізге бәрі келеді”, – деді сұлулық студиясының директоры Камила Хасенова.
Сұлулық студиясы Ғ. Мүсірепов ауданының орталығы – Новоишимское ауылында орналасқан. Клиенттерге макияж, қасты безендіру, кірпіктерді ламинаттау қызметтері ұсынылады. Мемлекеттік грант миллионнан астам теңгені құрады. Әртүрлі қызметтерді ұсыну үшін студия иесі екі шеберді жұмысқа орналастырды, олар ерлердің шашын қияды.
“Астанада жұмыс істедім. Кейін “Еңбек” бағдарламасы бойынша отбасыммен бірге Солтүстік Қазақстанға көшіп келдім. Сұлулық студиясына шебер керек екенін естіп, басшылыққа жүгіндім. Жұмыс жағдайына ризамын”, – деді сұлулық студиясының шебері Оңғар Әлімқұлов.
Сұлулық студиясының иесі тұрақты клиенттерді тарта алды және олардың тізімі үнемі толықтырылып отырады.