Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғ. Мүсірепов ауданында вагондарды жөндейтін депо салынуда

Ғ. Мүсірепов ауданында вагондарды жөндейтін депо салынуда

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болып, «Kazmeal» зауыты, аудандық аурухана және «Возвышенка СК» ЖШС-нің қызметімен танысып, егін орағы барысын тексеріп, аудан диқандарымен тілдесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Өңір басшысы Возвышенка ауылының қалай дамып жатқанын да қарады. Қазір ауылдың ішкі жолдары жөнделіп, медициналық пункт салынуда. Абдурахим Нукаев басқаратын жергілікті «Возвышенка СК» серіктестігі өз жұмысшыларына үйлер салып, ауыл тұрғындарына жағдай жасауда.

Новоишимское ауылында «Astana-Logistik KZ» ЖШС жөндеу-вагон депосының құрылысын жүргізуде. Жаңа кәсіпорында вагондарды, жылжымалы құрамның тораптары мен бөлшектерін жөндеуге арналған технологиялық жабдықтар орнатылады. Толық қуатына шыққанда 150-ге дейін жұмыс орны ашылады.

СҚО әкімі Рузаевка ауылында аудан тұрғындарымен кездесті.

“Ғ.Мүсірепов атындағы ауданды ауыз сумен қамтуға қомақты қаржы бөлінді. Новоселовка және Тахтаброд ауылдарында жергілікті су желісінің құрылысы жүргізілуде. Старобелкада су тарату жүйесі орнатылып жатыр. 8 ауылға кешенді су тазарту модульдері орнатылуда. Аудан орталығында жаңа қазандық салынып, қазір магистральдық жылу желілері тартылуда. Ауылішілік жол жөндеумен 9 ауыл қамтылған. Березовка және Бірлік ауылдарына кіре беріс жолдар салынуда. Шұқыркөл-Андреевка-Райсовка, Тахтаброд-Сокологоровка-Қырымбет және Рузаевка-Чернозубовка ауылдарында орташа жөндеу жүргізілуде”,- деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Shares