Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов: Бүгінде өңірге 144 дәрігер қажет

Ғауез Нұрмұхамбетов: Бүгінде өңірге 144 дәрігер қажет

Солтүстік Қазақстан облысы медицина кадрларының тапшылығы мәселесін көп жылдан бері шешуге тырысып келеді. Елордада өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхаметов биыл дәрігерлер тапшылығын жою үшін қандай жұмыстар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Мамандар бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне барады, Солтүстік Қазақстан облысына келген жас дәрігерлерге көтермеақы тағайындаймыз. Екі жыл бұрынғы жағдайды айтатын болсақ, онда 288 дәрігер жетіспейтін болса, бүгінде 144 дәрігер қажет. Мен айтқан шаралар өз нәтижесін беруде. Петропавлда дәрігерлер үйі бар. Біз коммуналдық төлемдерді төлеу үшін үш жыл бойы қалалық бюджеттен әлеуметтік төлемдер төлейміз. Былтырдан бері 50 резидентура грантын бөліп, қазірдің өзінде 34 болашақ маманды дайындап жатырмыз. Арнайы мамандар тапшы. Келесі жылдан бастап оларға 8,5 миллион теңге көтермеақы төлеуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares