Іскерлік әкімшілендіру магистрлері Алматыдағы ЖОО қолдауымен Қозыбаев университетінде оқуда
Алматы менеджмент университеті және Қозыбаев университеті Солтүстік Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастығының өкілдері үшін дәстүрлі ашық MBA-Day күнін өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Қазақстанның тәуелсіз кәсіби бағдар беруші және кәсіптік кеңес берушілер қауымдастығының президенті, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы Мадина Билялова жеке тұлғалық тиімділікті арттыру жолдары туралы айтып берді. Ал ірі жобаларының негізін қалаушы «От таксиста до миллионера» кітабының авторы Тимур Құдайбергенов «Психотиптерді басқару: жалдау, мотивация, делегация» шеберлік сабағын өткізді.Кездесуге қатысушыларға заманауи басқарушылық білім мен дағдыларды игеруге, бизнес-ортада еркін жұмыс жасауға мүмкіндік беретін МВА бағдарламасы таныстырылды.
«AlmaU-мен серіктестіктің арқасында біздің ЖОО-да MBA–«Іскерлік әкімшілендіру магистрі» бағдарламасы жұмыс істейді. Ол жоғары және орта буын басшыларына, бизнес иелеріне арналған. Оқу мерзімі – 2 жыл. Бүгінде оның тыңдаушылары 38 адамды құрайды. ПОҚ, кәсіпкерлер мен өңір компанияларының басшылары, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің үздік жаттықтырушыларының шеберлік сабақтарына қатысты», – делінген Қозыбаев университетінің хабарламасында.
Оқыту нәтижесі бойынша тыңдаушылар бірден Қозыбаев университетінің және AlmaU дипломдарын алады