Ісу, сыну және созылу: Петропавлда дәрігерлер бір тәулік ішінде 100-ден астам адамды қабылдады
Петропавлда екі күн қатарынан қар төпеді. Мұзбен жабылған жерлер қар астында қалды, ол тұсты бәрі бірдей аңғармауы мүмкін. Бұдан басқа, көшеде қатты жел жүруді қиындатты. Петропавлдық дәрігерлер үшін қауырт уақыт келді – бүгінде ауруханалардың травматологиялық бөлімшелері мен травматологиялық пункттеріндегі пациенттер саны айтарлықтай өсуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Денис Петровтың айтуынша, жарақат зардабын емдеу пункті 6 қарашадан бастап қарқынды түрде жұмыс істеуде.
“Кешеден бері 120 адамды қабылдадық. Оның ішінде 44 сыну, 46 жарақат алу тіркелді, 50-ден астам гипс тағылды. ЖКО-дан кейінгі жайтты қоса алғанда, 6 адам ауруханаға жатқызылды. Дұрыс аяқ киімді таңдап, алкогольді ішпеуге және ұқыпты болуға кеңес беремін”, – деп атап өтті Денис Петров.