Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Келесі жылдан бастап Солтүстік Қазақстанда бірден бірнеше кәсіпорынды қамтитын технопарк құрылысы басталады

Келесі жылдан бастап Солтүстік Қазақстанда бірден бірнеше кәсіпорынды қамтитын технопарк құрылысы басталады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов брифингте журналистерге технопарк жобасының жүзеге асырылу барысы туралы  айтты. Әңгіме әртүрлі профильдегі бірнеше ірі кәсіпорындары бар кластер туралы болып отыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Жоба инвестициялық портфельге енгізілді. Оның құны 26 миллиард теңгені құрайды. Отандық кәсіпкер өндірістің бірнеше кластерін қамтитын технопарк құрмақ. Атап айтқанқағаз фабрикасы, қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, металл пластик шығаратын зауыт.Қалдықтарды қайта өңдеу зауыты қоқыс жинайтын кәсіпорынмен жұмыс істейді,  Петропавлда ондай 5 кәсіпорын бар. Қаржыландыру мәселесі шешілуде. Бұл келешегі зор жобаны жүзеге асыру келесі жылы басталады деп үміттенеміз», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Shares