М.Жұмабаеа ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған төрт бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда
М.Жұмабаев ауданында 11 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Қазан айының соңына дейін бұл жоспар 80 пайызға орындалды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Биыл Булаев қаласында «Отбасы банкінің» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған үш қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды», – деді аудан әкімі Рахат Смағұлов.
Сонымен қатар, М.Жұмабаеа ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін төрт бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.