М.Жұмабаев ауданынан 18 жігіт әскер қатарына шақыртылды
1 қыркүйектен Мағжан Жұмабаев ауданында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Бүгінге дейін 18 жігіт әскер қатарына шақырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 2 адам, ҚР Азаматтық қорғаныс бөлімшесіне 1 адам, ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшесіне 12 мерзімді әскери қызметші, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшесіне 2 азамат әскерге шақырылған, ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшесіне 1 адам шақыртылған.
«10 шілде мен 29 тамыз аралығында күзгі әскерге шақыруға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жас жігіттермен сондай-ақ олардың ата-аналарымен немесе әскерге шақырылушыны тәрбиелеп отырған адамдармен жеке әңгімелесу жүргізілді. Әскерге шақырылушыларды олардың моральдық және іскерлік қасиеттерін, физикалық дамуын, отбасылық жағдайын, білімін, денсаулық жағдайын анықтау, оларды міндетті әскери борышын өтеу кезінде мамандықтар бойынша ұтымды бөлу мақсатында жүргізіледі», – деді Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде.