Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Маман тапшы: Петропавлдың мейрамхана бизнесіне кімдер қажет?

Маман тапшы: Петропавлдың мейрамхана бизнесіне кімдер қажет?

Қалада және жалпы облыста кадр тапшылығы байқалады. Бұл жайлы біраздан бері айтып жүрміз. Дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар және басқа да мамандардың тапшылығы бар екені белгілі. Жұмыс қолы Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық тамақтану бағытында да жетіспейді. Білу керек, аймақтың мейрамхана бизнесі біраздан бері қызметкерлерді қажет етеді. Мәселе туралы QZ Media редакциясына СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығында егжей-тегжейлі айтылды.

25 аспаз, 5 кәуап дайындаушы, 10 ас үй қызметкері, 10 даяшы, 3 кассир, 2 бармен, 5 ыдыс жуушы және техникалық қызметкер, 2 әкімші – барлығы 62 адам. Міне, осынша кадр қазіргі уақытта облыстың тамақтану саласында жетіспейді.

СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Фроловтың айтуынша, дәл осы адамдар дәмханаларда, мейрамханаларда және қаладағы жазғы орындарға қажет. Жазда кадрлар тапшылығы одан әрі өзекті мәселеге айналады. Себебі, көп ұзамай жаңа орындар ашылады, сұраныс артады.

“Маусымдық кадр тапшылығы деген бар, бірақ оны қазіргі таңда тәжірибеден өтіп жатқан студенттер жаба алады. Олар жазда бос. Күн сайын толық уақытты жұмыс істей алады. Бұлар қыркүйек айына дейінгі “уақытша жұмысшылар” деп аталады. Дегенмен, 18 жасқа толған жоғары сынып оқушылары толық жұмыс істей алмайды. Олар да белгілі бір кадр тапшылығын жабады, бірақ жазда даяшыларға, кәуап дайындаушыларға, “суық”, “ыстық” цехтардың, ас үй жұмысшыларына үлкен сұраныс бар”,- дейді Андрей Фролов.

Екінші мәселе бар – кадрлардың кетуі. Бұл жайт білікті мамандардың басқа қалалар мен елдерге жұмыс істеуге кетуінен туындайды. Тек кейбіреулері шаһарға қайтып келеді, ал басқалары қайтып келмейді.

“Біз мұндай жайтты бірінші жыл көріп отырған жоқпыз. Біздер үшін ыңғайсыздық жылдың кез-келген мезгілінде орын алады. Мысал келтірген жөн, биыл да, өткен жылдары да Петропавлдан Қазақстан мен Ресейдің белестерін бағындыруға бірсыпыра тәжірибелі аспаздар кетті. Жасыратыны жоқ, мысалы, Астанада, Алматыда табыс әлдеқайда жоғары, бірақ ол жақтарда қолайлы жағдай жасалмайды. Жұмысшылар да сол жерлерге баруға тырысады, дегенмен қайтып оралады және жергілікті жерде жұмысқа қайта орналасады. Немесе олар Ресейге кетеді. Шекара асқандар белгілі бір маусымда жұмыс істейді. Бізден көптеген жақсы аспаз Омбыға, Сочиге жұмыс істеуге кетті, Мәскеу мен Санкт-Петербургті бағындыруға аттанғандар да бар”, – деді СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Фролов.

Бұрын 40 жасқа дейін қызметкерлерге басымдық берілді. Қазір ешқандай шектеу жоқ. Қалада зейнет жасындағы адамдар аспазшы болып жұмыс істейтін мекемелер бар.

Мансап орталығы мен жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары мәселені шешуге көмектесуде. Мысалы, жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқыту бар. Бұл бағытта адам мамандықтарды нөлден бастап меңгереді.

“Адамдар біздегі колледждерде, оқу орталықтарында жыл сайын аспаз, кондитер, наубайшы сияқты мамандықтар бойынша оқиды. Яғни, кәуап дайындаушы, суши әзірлеуші, даяшылар, бармендер, ас үй қызметкерлері сияқты барлық көмекші мамандықтарды қатар меңгеруге болады”, – дейді спикер.

Бірақ оның кемшіліктері де бар. Әдетте, әлеуетті жұмысшылар тегін оқиды, жақсы шәкіртақы алады. Тек соңында әркімнің жұмыс істеуге және қосымша ақша табуға деген ниеті болмай шығады, деп атап өтті Андрей Фролов.

“Олар құжат, куәлік, диплом немесе стипендия үшін барады. Бұл да бар. Әркімнің өз себептері бар. Қазір шәкіртақы мөлшері өте жақсы, ауданда айына 30 мың төленеді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында жол жүру ақысы және басқа да шығындар төленеді”, – деді сұхбат беруші.

Дегенмен, сала толық аяққа тұруды қажет етеді деп айта алмаймыз. Жұмыс берушілер де, қауымдастық та өндірістік тәжірибеден өтетін 12 бірдей колледж студенттеріне ерекше назар аударады.

“Егер студенттер жұмыс іздеп, таппаса және оларға көмек қажет болса, біз көмектесеміз. Жастарды облыс орталығының дәмханалары мен мейрамханаларына жұмысқа тартамыз. Жұмыссыз жүрген студенттер аз дегім келеді. Кім жұмыс істегісі келсе, ол бізсіз-ақ табады. Ал кімге көмек керек, біз аянып қалмаймыз. Әрине, жазғы кезеңдегі еңбек үшін оларға өндіріс тәжірибе құжатына қол қойылады, жұмысқа алынады, жалақымен, тасымалдаумен және тамақпен, барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі”, – дейді СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығының атқарушы директоры.

Мейрамхана бизнесіне жаңа толқын тарту үшін студенттер арасында кәсіби конкурстар да өткізіледі. Оң әсері бар. Жастардың дайындығын қауымдастық өкілдері, аспаздар, мейрамхана, дәмхана иелері бағалайды. Іске икемді, өршіл және белсенді балалар бірден ерекшеленеді. Олар болашақта СҚО қоғамдық тамақтану саласындағы кадр тапшылығын жоюға көмектесуі мүмкін.

Shares