Маулен Әшімбаев СҚО-дағы кәсіпорындар мен креативті орталықты аралады
Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Сенат төрағасы Маулен Әшімбаев өңірдің заманауи кәсіпорындарын, атап айтқанда, «Nord Panels» ағаш өңдеу зауытын және “Зеленый Север” жылыжай кешенін аралады, деп хабарлайды QZ News.
Жаңа зауыт ағаш өңдеу саласын жаңа даму деңгейіне көтерсе, жылыжай жергілікті тұрғындарды көкөніспен қамтамасыз етеді.
Креативті индустрия орталығында Маулен Әшімбаев SKO Hub резиденттерімен кездесіп, олардың бастамалары мен жобаларымен танысты.
«Sensitive» би ансамблімен кездесу ерекше болды: ансамбль мүшелері өз шығармашылығын көрсетіп, жобаның жетекшісі Ольга Ростовщикова балалардың шығармашылық дамуы үшін инклюзивті тәсілдің маңызы туралы айтты.