Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Мен кәсіпкер» жобасының арқасында солтүстікқазақстандық 25 балық өсіруші біліктілік арттырды

«Мен кәсіпкер» жобасының арқасында солтүстікқазақстандық 25 балық өсіруші біліктілік арттырды

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында балық өсіру бойынша тегін оқыту курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жобаға 25 белсенді кәсіпкер қатысты. 5 күн ішінде олар біліктілік арттырып, жаңа тәсілдерді игерді. Курста кәсіпкерлер көлде тауарлық балық өсіру, өңірімізде ақ балық пен шөпқоректілерді өсіру және т.б. туралы пайдалы ақпарат алды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жаңадан бастағандар мен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер өз әріптестері мен «Петрофорел» балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

«Біздің облыста 2 мыңнан астам көл бар. Балық шаруашылығы саласы жыл сайын белсенді дамып келеді. Курс баршаңызға пайдалы болды және сіздер балық шаруашылығы саласын, оның ішінде қайта өңдеуді одан әрі дамытуға көмектесетін көптеген жаңа білім алдыңыздар деп үміттенемін», – деді Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директорының м.а. Марат Ысқақов

Қазіргі таңда «Кәсіпке бағыт» аясында «Туризм» бағыты бойынша кәсіпкерлерді оқыту жалғасуда.

 

Shares