Облыс әкімі Петропавлда итті қорлау жағдайына қатысты пікір білдірді
Биылғы жылдың қазан айында Петропавлда көптеген қазақстандықтарды дүр сілкіндірген сұмдық жағдай орын алды. «Береке» ықшамауданында мектеп оқушыларының бірі итті қорлап, жануардың құлағына петарда салып, жарып жіберді. Итті құтқару мүмкін болмады. Елордада өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бұзақыбаланың отбасына қандай шара қолданылғанын айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Балаға қандай шаралар қолдануға болады? Біз кәмелетке толмаған бала туралы айтып отырмыз. Баланың анасына айыппұл салынды», – деді аймақ басшысы.