Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер мен қызға шабуыл жасаған жасөспірім үш жылға бас бостандығынан айрылды

Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер мен қызға шабуыл жасаған жасөспірім үш жылға бас бостандығынан айрылды

СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімге, сондай-ақ жүйелі түрде бұзақылықпен айналысқан төрт жасқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім оқылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Басты жауапқа тартылушыға ұрлық, бұзақылық және билік өкіліне зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды. Т. Т. ұрлық пен бұзақылық бойынша жауапқа тартылды, ал Т. М., А. Р. және Н. Г. ұрлық жасады деп айыпталды. Олар қаланың төрт дүкенінде заңның ала жібін аттаған.

“Сонымен қатар, 2023 жылдың 23 қазанында Г. А. облыстық балалар ауруханасында болып, бұзақылық жасады, қоғамдық тәртіпті бұзды, ойыншық мылтықты шын деп көрсетіп, онымен аурухананың медициналық қызметкерлеріне қауіп төндірді. Кейіннен балдақты пайдаланып, жәбірленушіге оның денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық көрсетті, сондай-ақ осы медициналық мекеменің мүлкіне зақым келтірді”, – делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

2023 жылдың 4 қарашасында Г. А. және Т. Т. екеуі Петропавлда Н. Назарбаев көшесі, 211 мекен-жайы бойынша өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасады. Ал 21 қарашада жасөспірім Сейфуллин көшесіндегі № 60 үйдің жанында өзіне ескерту жасаған адамды пышақпен жаралады. 27 қарашада тергеу-қамауға алынған жас жігіт Горький көшесі, 209 “а” соты ғимаратында айдауылдан аулақ болуға тырысып, құқық қорғау органы қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетіп, басымен бетінен соқты.

Жасөспірім қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды. Т. Т. үш жылға бас бостандығы шектелді. Т. М. шартты түрде екі жыл берді, Н. Г. бір жыл төрт ай алды, А. Р. бір жыл тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Shares