Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Өңірде қаншама жұмыссыз адам бар?

Өңірде қаншама жұмыссыз адам бар?

 

Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылдың екінші тоқсанындағы халықты жұмыспен қамтудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2023 жылдың екінші тоқсанында облыс экономикасының түрлі саласында 274 мыңнан сәл астам адам жұмыспен қамтылған – бұл 15 жастан асқан солтүстікқазақстандықтар.

Жалдамалы жұмысшылар саны 207 мыңға жуықтады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жұмыссыздар арасында ерлердің үлесі – 46,9%, ал әйелдердікі 53,1% құрады.

15 пен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық осындай деңгейді құрады. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарында 5,9 мың жұмыссыз тіркелген.

Shares