Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Өңірдің ауылдарында оқитын балалар Бурабайдағы “IQanat” мектеп-пансионатына түсе алады

Өңірдің ауылдарында оқитын балалар Бурабайдағы “IQanat” мектеп-пансионатына түсе алады

Петропавлда “IQanat” республикалық олимпиадасының екінші турының ашылуы өтті. Зияткерлік сайысқа облыстың ауылдық мектептерінен 289 бала қатысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Олимпиада барысында оқушылар математика, физика биология, химия, қазақстан тарихы және география пәндерінен тест тапсырады.

“Олимпиадаға мұғалімдердің көмегімен дайындалдым. Олар маған барлық ақпарды, кітаптарды берді. Мен жақсы нәтиже көрсеткім келеді, уайымдап тұрмын”, – деді Айыртау ауданынан келген олимпиада қатысушысы Мұрат Тәшенов.

“IQanat” қоры ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асырады. Қордың жұмысы қамқоршылар мен демеушілер ұсынған жарналардың арқасында мүмкін болып отыр. СҚО-да мұндай жеті адам бар.

“Менің ойымша, бұл – ҚР-ның ең үздік әлеуметтік жобаларының бірі. Ол ауылдық жерлердегі балаларға әлемнің және Қазақстанның үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балаларға бірден үздік білім беру жүйелеріне кіруге және тиісінше өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін тиісті әлеуметтік лифт дегім келеді”, – деді “Тeniz Capital Investments Banking” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Хусаинов.

Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша қатысушылардың жартысы Бурабайдағы “IQanat” мектеп-пансионатына түсе алады. Ал оқушылардың қалған бөлігі үш жыл ішінде ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындалып, ағылшын тілін тегін меңгереді.

Shares