Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ондаған петропавлдық үндістандық йога маманының шеберлік сабақтарына қатысты

Ондаған петропавлдық үндістандық йога маманының шеберлік сабақтарына қатысты

«YogaTeam» командасының шақыруымен Петропавлда йога және йога-терапия бойынша білікті маман Кунджан Пол шеберлік сабақтарын өткізді. Ол – Үндістандағы ең көне йога институтының түлегі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

5 және 6 қарашада облыс орталығының ондаған тұрғыны йога тарихымен байланысып, шеберлік сабақтарына барды.

“Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Петропавл йога-турымның соңғы қаласы болып отыр. Бұған дейін Астана, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау қалаларында болдым. Таяу күндері Үндістанға ораламын. Петропавлда тыныс алу тәжірибесі, перинаталдық йога бойынша дәріс бердім, тәжірибенің түрлері туралы айттым, арқасы ауыратын адамдар үшін сабақ өткіздім. Жеке сабақ та болды, онда мен Үндістанның дәстүрлері мен мәдениеті туралы көп әңгімеледім, қыздар сари киіп көрді, өздерін мехендімен безендірді”, – деді йога және йога-терапия бойынша білікті маман Кунджан Пол.

Үндістаннан келген жаттықтырушы сабақ кезінде қыздардан зор құлшыныс сезінгенін айтты.

“Қыздардың тәжірибеге ғана көңіл бөліп қоймай, Үндістан мәдениеті туралы көп әңгімелескені қуантады. Петропавлдағы сабақтар маған өте жағымды сезім сыйлады”, – деді Кунджан Пол.

Сонымен қатар, Кунджан Пол йогаға қызығатындарға бірақ қорқыныш пен сенімсіздік салдарынан сақтарға бармайтындарға кеңес берді.

“Йоганың берері көп, ол көбінесе адамдарға дәрігерлерден артық дүние береді. Мамандар, өкінішке қарай, қажетті препараттарды үнемі тағайындай бермейді. Мен өз пікірімді білдіріп отырмын. Сіздің үйіңізге ең жақын йога сыныбына жазылып, жаттықтырушыға барып, денсаулығыңыздың ерекшеліктері туралы айту жеткілікті. Бірнеше тәжірибеден кейін адам денесі үн қатады, адамдар тартылады. Содан кейін йогамен айналыспай күнделікті өмірін елестете алмайды”, – деді йога және йога-терапия бойынша білікті маман Кунджан Пол.

Shares