Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавл мектептеріне алғаш рет 3 мыңға жуық бала барды

Петропавл мектептеріне алғаш рет 3 мыңға жуық бала барды

2023 оқу жылында Петропавлда 29 мыңға жуық оқушы мектеп партасына отырады, оның 3 мыңға жуығы – 1-ші сынып оқушысы, бүгінде 7700-ден астам бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Биыл қалада күрделі жөндеу жұмыстары 17 мектеп пен 2 балабақшада жүргізілді. Бұл үшін 668 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні барлық ішкі жөндеу жұмыстары аяқталды. Оқу кабинеттері толықтай дайын. Бұл 1 қыркүйектен бастап оқу үдерісін дер кезінде бастауға мүмкіндік береді. Барлық білім беру нысандарында жаңа оқу жылына және күзгі-қысқы кезеңге дайындық шаралары жүргізілді.

Shares