Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавл қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханада азаматтарды қабылдау өтті

Петропавл қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханада азаматтарды қабылдау өтті

«АМАНАТ» СҚОФ партиясының көшпелі қоғамдық қабылдау  мүшелері көпсалалы облыстық ауруханада «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы базасында азаматтарды қабылдау өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қабылдауға «АМАНАТ» партиясының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов, тиісті ұйым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Қабылдауда 10 адам өз сауалдарын ортаға салды. Азаматтардың көпшілігі мүгедектікті белгілеу тәртібін сұрап, емделуге көмек сұрады. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауына 6 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

 

Shares