Петропавлда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы талқыланды
Петропавлда өткен дөңгелек үстелде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына байланысты мәселелер талқыланды. Оны өткізуге бірнеше партия филиалының, сондай-ақ «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының өкілдері бастамашы болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СКОФ директоры, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
“СҚО бойынша қаржыландыру сомасы 17,2 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 млрд теңгеге артық. Қазір біз қыркүйек айында көрсеткен қызметтер үшін медициналық ұйымдарға ақша аударудамыз. СҚО-да сақтандырылмағандар санатына 82 196 адам жатады. Біз адамдарды ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек алуға тартамыз. Қордың бақылауында медициналық ұйымдардың өз жеткізушілері алдындағы кредиторлық қарыздарының болуы, медицина қызметкерлеріне жалақының уақытылы төленуі сынды мәселелер тұр”, – деді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Дәулетчина.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жергілікті филиалының директоры атап өткендей, осы жылы екі рет медициналық қызметтердің тарифтері қайта қаралды.