Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда этномедиацияға арналған үш күндік семинар өтуде

Петропавлда этномедиацияға арналған үш күндік семинар өтуде

Петропавлдағы Достық үйінде үш күндік республикалық семинар басталды. Оның қатысушылары этномедиация көмегімен этносаралық қақтығыстардың алдын алу, реттеу және кейінгі бақылау тәсілдерін жан-жақты талқылайтын болады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Аса маңызды семинар жұмысына Абай және Қарағанды облыстарының жаттықтырушылары қатысып жатыр. Семинарға жергілікті жерлерде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты этномәдени бірлестіктердің, жалпы білім беретін мекемелердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және ауылдық округтердің әкімдері ат салысуда.

“Үшінші жыл қатарынан осындай семинар өткізіп отырмыз. Біз неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін барлық қатысушыны екі топқа бөлдік. Барлығын аз лекциялық материал болатындай етіп ұйымдастыруға тырыстық. Тәжірибе мен нақты кейстерге баса назар аударылады. Жаттықтырушылар да тыңдаушылардан жаңашылдық үйренеді, бұны тәжірибе көрсетіп отыр”, – деді СҚО бойынша “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Болат Базарбаев.

Семинарды аяқтағаннан кейін барлық тыңдаушы қатысушы ретінде сертификат алады.

Shares