Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда көмірді қайдан және қандай бағамен сатып алуға болады

Петропавлда көмірді қайдан және қандай бағамен сатып алуға болады

Қысқа да аз қалды, бірақ Петропавл тұрғындарының бәрі бірдей әлі күнге дейін көмір алып үлгерген жоқ. 13 қыркүйектегі жағдай бойынша тұйықтарда 2500 тонна көмір бар: 700 тонна – Қаражыра, 300 тонна – Шұбаркөл, 1000 тонна – Екібастұз, 500 тонна – Майкүбі деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавл қаласында көмірді сату 3 тұйықта жүзеге асырылады:

– Труд қысқа көшесі, 18а – Майкүбі – тоннасының құны 14,5 мың теңге, Екібастұз – 12,5 мың. Анықтама үшін телефон – 31-72-24.

– Панфилов көшесі, 276 – Шұбаркөл – тоннасының құны 17 мың теңге. Анықтама үшін телефон 39-79-35.

– Ленинградская көшесі, 116 – Қаражыра– тоннасының құны 17,5 мың теңге. Анықтама үшін телефондар: 40-08-87, 40-08-40.

Жақын арада қатты отынның көбірек жеткізілуі күтілуде: 2000 тонна – Шұбаркөл, осыншама – Қаражыра және 490 тонна – Майкүбі.

 

Shares