Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда корей халқының «Чусок» мерекесі өтті

Петропавлда корей халқының «Чусок» мерекесі өтті

Қазақстан Республикасы қазақтың да салт-дәстүрін, өзге этнос өкілдерінің де бастамаларын ерекше құрметпен қастерлейтін Отанға айналды. Петропавлда құнарлылықтың символы саналатын «Чусок» корей мерекесі өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Шараға «HANGUG QAZAQSTAN» корей орталығының ақсақалдары мен белсенділері, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Корей халық билері мен Алла Писаренко, Юлия Родионова, Алма Банныхтың орындауындағы әндер шараның көркін қыздырды. Мерекеге «Gera» шоу-дуэті, «Туған жер» би ансамблі, «АМАLL I» шығармашылық топтары қатысты.

Корей этносының мәдени байлығын көрсету мақсатында көрме ұйымдастырылып, онда ұлттық киімдер, сәндік-қолданбалы жұмыстар, әдебиеттер көрсетілді. Шара соңында жиналғандардың барлығы корей ұлттық тағамдарынан дәм тата алды. Көпшілікке арналып пигоди, кимчи, чиргум-ча және т.б тағамдар әзірленді.

Shares