Петропавлда өткен I-ші облыстық рухани форумға қатысушылар этносаралық келісім мәселелерін талқылады
Облыс орталығында тұңғыш рет рухани форум өтті. Ол экономиканы, бизнесті, қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді дамытудағы стратегиялық ресурс ретінде мәдениет пен руханиятқа арналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, дін өкілдері, облыстың қоғам қайраткерлері қатысты. Форумға облыс аудандарынан қатысушылар бейнебайланыс арқылы шықты. Залға жиналғандарды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
«Мәдениет пен шығармашылық секторлар қоғамның үздіксіз дамуы үшін маңызды және креативті экономиканың негізінде жатыр. Біздің елде әртүрлі мәдениеттердің дәстүрлері ұлттық болмыстың бірігуіне ұласады. Біздің облыс көпұлтты аймақтардың бірі. Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА мүшелері өңіріміздегі бейбітшілік пен келісімді қолдауға өз үлестерін қосуда. Президентіміз көктемде облысымызға келген сапарында су тасқынымен күресте ауызбіршілікті атап өтті. Ассамблея қабырғасында гуманитарлық көмекті жинау пункті құрылып, оны зардап шеккендерге көмек көрсету үшін этномәдени бірлестіктердің мүшелері басқа белсенділермен бірге жинады», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА құрамына 24 бірлестік пен он бір құрылымдық бөлімше кіреді. Олардың жұмысы ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталған.
«Биыл біз 400-ден астам іс-шара өткіздік. Бір жыл ішінде Ассамблеяның 13 арнайы жобасы жүзеге асырылды. Бүгін біз белсенді өкілдерімізді ҚХА-ның қоғамдық наградаларымен марапаттағымыз келеді», – деді «Радзима» белорус этномәдени орталығының төрағасы Мария Татаренко.
Форумда Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслық» татар-башқұрт орталығының төрағасы «Бірлік» медалімен марапатталды.
«Ассамблея – бірегей институт. Біздің орталық қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Біз ұлттарды біріктіретін түрлі шаралар өткіземіз. Сабантой әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіреді, олар бұл мерекені жақсы көреді. Қайырымдылық шараларын өткізуге тырысамыз. Біздің белсенділер су тасқыны кезінде халыққа көмектесті», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслық» татар-башқұрт орталығының төрағасы Наиль Абраев.