Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «Рахат» сауда үйі өртеніп кетті

Петропавлда «Рахат» сауда үйі өртеніп кетті

10 қаңтардың таңы Конституция көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары үшін қиынға соқты. «Рахат» сауда ғимаратында бірінші қабатта өрт шықты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО ТЖД қызметкерлері үй тұрғындарын тез арада эвакуациялады. Сағат 06:47-де Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 68 адамды эвакуациялады, оның 18-і балалар.

«Оқиға орнында біз Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жетекшілігімен 3 өрт сөндіру учаскесін және жедел штаб ұйымдастырдық. ТЖД психологтары да жұмыс істеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында тұрғындар үшін 52-25-29 нөмірі бойынша сенім телефоны ұйымдастырылып, өрт орнында психологтардың да жұмысы ұйымдастырылды. Бес тұрғынға, оның екеуі балаға жедел психологиялық көмек көрсетілді», – деп хабарлады СҚО ТЖД.

Төтенше жағдайды жоюға барлығы 64 адам мен 18 бірлік техника жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 6 бөлімшесі жұмыс істеді.

«Қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды. Өртті сөндіруді қою түтін мен көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесі қиындатты. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті толығымен жою, сондай-ақ өрттің қайталануын болдырмау үшін құрылыстарды бөлшектеу және су құю жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады СҚО ТЖД.

Shares