Петропавлда шығармашылық бірлестіктердің 100-ге жуық өкілі тәжірибе алмасуда
«Әдістемелік вернисаж»! Осындай атаумен қосымша білім беру бағыты бойынша жыл сайынғы облыстық семинар-практикум облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өтуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ол Петропавл қаласы мен өңір аудандарынан 100-ге жуық педагогты жинады. Семинар бір күнге созылады.
“Біз шығармашылық бірлестіктердің, үйірмелер мен секциялардың, мектептер мен балабақшалардың өкілдерін шақырдық. Іс-шара педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін өткізіледі. Шеберлік сабақтары аясында педагогтар тәжірибе толықтырады, сондай-ақ өз қабілеттерін паш етеді. Бұл ән айту, еңбек сабағының үзінділері, хореография сабағындағы жаттығулар және толыққанды нөмір болуы мүмкін”, – деді облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева.