Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда су жаңа арнайы мектеп ашылады

Петропавлда су жаңа арнайы мектеп ашылады

СҚО-да ағымдағы жылы мектепке дейінгі, орта, қосымша және кәсіптік 700 жуық білім беру ұйымы оқу жылын аяқтайды. Онда 100 мыңнан астам тәрбиеленуші, оқушы және студент тәлім мен білім алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Ағымдағы жылы оқытудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Оқушыларды тасымалдау үшін 29 жаңа жайлы автобус сатып алынды. 1 қыркүйекке қарай тағы 20 автокөлік сатып алуды жоспарлап отырмыз. 4 млрд теңгеге жуық ақшаға мектептердің материалдық базасы нығайтылды. Спорт жабдықтары сатып алынды, жиһаз, мектеп асханаларының жабдықтары жаңартылды. Оқу жылының басына қарай МТБ жақсарту үшін тағы 6,7 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз”, – деді СҚО білім басқармасы басшысының м.а. Татьяна Протопопова.

Жаңғырту жұмыстары аясында облысқа химия, физика, биология, география пәндері бойынша 55 кабинет сатып алынды. Тағы жаңа үлгідегі 42 кабинет сатып алуды жоспарлап отырмыз. 50 нысанда 4 млрд теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жүргізілді. Жазғы кезеңде жалпы сомасы 6 млрд теңгеге тағы 51 нысан жөнделеді. Сондай-ақ, 600 млн теңгеден астам сомаға мектеп жанындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

“1 қыркүйекте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін 50 орындық жатақханасы бар 300 балаға арналған жаңа арнайы мектеп өз есігін ашады. Қазір нысан “Береке” шағын ауданында салынып жатыр”, – деді Татьяна Протопопова.

Shares