Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда тіркеу науқаны басталады

Петропавлда тіркеу науқаны басталады

Дәстүр бойынша халық емханаларға 2 ай мерзімде, яғни 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тіркеледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Емханаға қалай тіркелуге болады?

– Бірінші әдіс – «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметін пайдалану.

– Екінші әдіс – медициналық ұйымға хабарласып, тіркеуге өтініш жазу. Бұл әдіс тек зейнеткерлерге, мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, заңмен тағайындалған қамқоршыларға, патронаттық тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға, шет мемлекеттерде туған балаларға, сондай-ақ, тіркеу есебінде тұрған адамдарға ғана қолжетімді.

«Науқан кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті тек 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тағайындалған емханада қызмет көрсету жалғасады. Егер азамат емхананы пайдаланбаса немесе ауыстырғысы келмесе, ешқандай шара қолданудың қажеті жоқ, ол автоматты түрде бұрын қызмет көрсеткен емханада қалатынын түсінуі керек», – деп қосты мамандар.

Биыл кейбір шетелдік азаматтардың емханаға жазылу ережесі өзгерді. Жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер емханаға ерікті келісім негізінде тіркеледі. Олар тек келісім-шарттың әрекет ету мерзіміне бекітіледі, содан кейін олар медициналық ұйымнан автоматты түрде ажыратылады. Емханаға тіркелу үшін оның директорының атына кез келген нысанда өтініш жазу керек. Тіркеуге болатын емханалар тізімін Қордың www.fms.kz сайтындағы «Емхана таңдау» бөлімінде көруге болады.

Shares