Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы №5 орта мектеп базасында этнопедагогика орталығы ашылды

Петропавлдағы №5 орта мектеп базасында этнопедагогика орталығы ашылды

Наурыз мейрамы қарсаңында Петропавлдың №5 орта мектебінде этнопедагогика орталығы ашылды. Бұл бірегей жобаны жүзеге асыру СҚО ПП қарасты Іскер әйелдер кеңесінің қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жобаның бастамашысы Іскер әйелдер кеңесінің белсенді мүшесі, “Vizavi Company” ЖШС бас директоры Лейла Сайдашева болды. Оның қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауға және жалғастыруға, туған елге, мәдениетке және ғасырлар бойғы дәстүрлерге деген сүйіспеншілігі және патриотизмді оятуға деген ұмтылысы жобаны іске қосуда шешуші рөл атқарды. Идеяны кеңестің барлық мүшесі қолдады, ал жобаның форматын Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының орынбасары Динара Сандыбаева ұсынды.

“Қазір айналамызда түрлі жағымсыз әрекеттер көп болуда, сондықтан біз мектеп оқушыларын дұрыс бағытқа салғымыз және құндылықтарды білуге үйреткіміз келді. Өскелең ұрпақта сүйіспеншілік, патриотизм болуы керек деп ойлаймын, өйткені біз еліміздің болашағын кімге сеніп тапсыратынымызды түсінуіміз керек”, – деп атап өтті “Vizavi Company” ЖШС бас директоры Лейла Сайдашева.

1-11 сынып аралығындағы балаларға арналған әрі жөндеуден өткен тақырыптық кабинетте қазақ тілі сабағы оқытылады, домбыра, ұлттық ойындар және т.б. бойынша үйірмелер өткізу жоспарлануда. Ол үшін орталықта интерактивті панель, киіз үй, ұлттық костюмдер және жаңа ыңғайлы мектеп жиһаздары бар.

Орталық тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар мәдени мұраны дамытатын және сақтайтын алаң болады. Іскер әйелдер кеңесі орталыққа келген әрбір оқушы қазақ мәдениетінің ұлылығы таниды, өз халқының бастауларын жақын сезінеді деп үміттенеді.

 

Shares