Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдықтар пасхалық дастарханға қанша ақша жұмсайды?

Петропавлдықтар пасхалық дастарханға қанша ақша жұмсайды?

Православ сеніміндегі христиандар үшін ең басты мереке – Пасха. Оны биыл көпшілік 5 мамырда атап өтеді. Бұл күні шіркеулерге бару, дұға ету және бір-бірінің төріне шығу әдетке айналған. Православтық христиандар бұған алдын ала дайындалады. QZ Media тілшісі Пасха дастарханын жаюға арналған өнімдерді сатып алу үшін қанша қаражат жұмсалатынын есептеді.

Пасха символы – дөңгелек тәтті нан. Қонақтарға мұндай дәм ұсыну үшін үй шаруасындағы әйелдер оны молынан жасайды. Дәстүрлі рецепт бойынша 5 орташа өлшемді Пасха нанын (әрқайсысының салмағы 300 г) жасау үшін сізге қажет: ұн – 1 кг (ең бюджеттік нұсқаны алсаңыз – 238 теңге), жұмыртқа – 6 дана (377,4 теңге, супермаркетте он данасының бағасы – 629 теңге), сары май – 200 г (бюджеттік пакет үшін – 714 теңге), сүт – 500 мл (378 теңге, майлылығы – 3,2%), қант – 400 г + 100 г глазурь (260 теңге), ашытқы – 50 г ( 485 теңге, бір қаптаманың бағасы 97 теңге), мейіз – 200 г (275 теңге, супермаркетте орташа бағасы), ванилин – 1 г (92 теңге). Барлығы 2800 теңгеден сәл асады. Бұл сомаға Пасха нандарын безендіретін шашыратқыш пен қағаз қамтама кірмейді. Оларға орта есеппен 500-ден мың теңгеге дейін ақша бағыттау керек.

Әрбір үй шаруасындағы әйелдің пештің қасында тұруға уақыты жоқ. Бірақ кез-келген азаматша жанұясына мереке сәнін ұсынуды қалайды. Супермаркетте салмағы 200 грамм болатын Пасха нанының бағасы 650 теңге тұрады. Петропавлдың наубайханалары мен дүкендерінде Пасха нанының арзанырақ нұсқаларын табуға болады. Ал Пасха сүзбесі супермаркеттерде әлдеқайда қымбат. 900 г сүзбе үшін 3800 теңге төлеуге тура келеді.

Дегенмен, оны үйде дайындауға болады. Сізге мыналар қажет: сүзбе – 700 г, қаймақ 20% – 150 г, сары май – 170 г, қоюландырылған сүт – 200 г, мейіз – 100 г, кептірілген өрік – 100 г, ванилин – 1/3 шай қасық. Қымбат емес өнімдерді таңдап, барлығын сатып алғаннан кейін түбіртектегі сома шамамен 2900 теңгені құрайды.

Пасха дастарханынан түрлі-түсті жұмыртқа да табылады. Өнім арзан емес, бюджеттік нұсқаларды табу күннен-күнге қиындап барады. Супермаркеттерде орташа есеппен он дана тауық жұмыртқасының бағасы 459 теңгеден басталып, 1000 теңгеге дейін жетеді. Ал тағамдық бояу жұмыртқаға қарағанда арзанырақ. Сіз 113 теңгеге жинақталған бояуды таба аласыз. Жұмыртқаларды бояуға арналған жапсырмалар мен басқа да керек-жарақтар супермаркеттерде қымбатырақ тұрады.

Shares