Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған кездесулер өткізді, деп хабарлайды QZ News. тілшісі хабарлайды.
«Балдәурен» бөбекжай-балабақшасында вице-премьер балабақша меңгерушілерімен мектепке дейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқыланған басты тақырып келесі жылдың мамыр айында Петропавлда іске қосылуы жоспарланған балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесіне енгізу болды.
Вице-премьер Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде де болып, цехтардың жұмысымен танысып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді. Президент 2025 жылды жұмысшы мамандар жылы деп жариялады. Солтүстік Қазақстанда 24 колледж бар, онда 11 мыңнан астам студент білім алады, оның ішінде 13 колледж жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар дайындайды. Биылғы оқу жылында 3,6 мың маман даярлауға мемлекеттік тапсырыс берілді.
Тамара Дүйсенова сонымен қатар М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінде болып, оқу үдерісімен танысып, мектеп директорларымен кездесу өткізіп, «Мақсатты мектептер» жобасын жүзеге асыру барысын талқылады. Бұл республикалық жобаға облыстағы 20 толық жинақты мектеп, оның ішінде 13 ауыл мектебі қатысуда. Жоба әдістемелік қолдауды, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды және оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсартуды көздейді.
Шенеунік сондай-ақ биыл қолданысқа берілген жаңа үстел теннисі орталығында спорт ұйымдарының басшыларымен де кездесті. Оған қатысушылар облыстағы жасөспірімдер спорт мектептеріндегі мәселелерді талқылады.