Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қазақстан халқының бірлігі күні Бескөл ауылында терек көшеттері отырғызылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Бескөл ауылында терек көшеттері отырғызылды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сенбілікке Қызылжар ауданының тұрғындары да шықты. Бескөл ауылындағы “Қызылжар” саябағында ауыл тұрғындары теректің 30 көшетін отырғызды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тұрғындар мерекелік сенбілікке ұлттық киімдерін киіп шықты. Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов атап өткендей, біз ортақ күш-жігермен барлық қиындықтарды еңсеріп, көптеген күрделі мәселелерді шеше аламыз.

“Абаттандыру, көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргіземіз. Ассамблея мүшелері қатысады, бір-бірін құттықтайды, ауыл тұрғындарына жылы сөздер айтады. Соңғы оқиғалар біздің халқымыздың рухы мен бірлігі мықты екенін көрсетті. Су біздің бөгеттерімізді бұзып өтсе де, тұрғындар жұмысын жалғастырды. Жалпы күшімізбен ауданымызды таза әрі әдемі етеміз”, – деді Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов.

Shares