Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Қазгидромет” СҚОФ: облыстың үш ауданында Есіл өзенінің деңгейі көтерілуі күтілуде

“Қазгидромет” СҚОФ: облыстың үш ауданында Есіл өзенінің деңгейі көтерілуі күтілуде

15-19 сәуір аралығында Ақмола облысынан Есіл өзеніне ауқымды мөлшерде су құйылады. Нәтижесінде өңірдегі Ғ. Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейі көтеріліп, тасқынның екінші толқыны байқалады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі

“Қазгидромет” РМК СҚОФ хабарлағандай, өзен ағысы бойында орналасқан ауылдарды, сондай-ақ оның жайылмалы учаскелеріндегі елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

“Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 16 сәуір күні сағат 8:00-де СҚО су объектілерінің жай-күйі келесідей қалыптасты: Бабықбұрлық өзені – Гусаковка ауылында су деңгейі 824 см құрайды. Тәулік ішінде көрсеткіш 136 см-ге төмендеді. Аққанбұрлық өзенінде – Ковыльное ауылында – 418 см, су деңгейі 27 см-ге төмендеді. Шарық өзенінде Андреевка ауылында – 303 см, су деңгейі 115 см төмендеді. Шарық өзенінде – Рузаевка ауылында – 396 см, су деңгейі 70 см-ге төмендеді. Аққанбұрлық өзенінде – Возвышенка ауылында – 720 см, су деңгейі тәулігіне 101 см-ге төмендеді. Мұқыр өзенінде – Мұқыр ауылында – 280 см, су деңгейі тәулігіне 3 см-ге төмендеді. Иманбұрлық өзенінде – Соколовка ауылында – 318 см, су деңгейі 5 см-ге көтерілді. Есіл өзенінде – Тоқсан би ауылында – 1096 см, тәулігіне 9 см ұлғайды. Есіл өзенінде – Сергеевка қаласында – 1159 см, су деңгейі 30 см-ге төмендеді. Покровка ауылының жанында су деңгейі 1386 см, су деңгейі 40 см-ге төмендеді, Новоникольское ауылы маңында – 1704 см, су деңгейі 33 см-ге төмендеді, Петропавл қаласы маңында – 1355 см, тәулігіне 25 см өсім орын алды. Долматово ауылында – 1512 см, тәулігіне су деңгейі 122 см-ге көтерілді. Шағалалы өзенінде – Северное ауылында – 213 см, су деңгейі 20 см төмендеді. Қамысақты өзенінде – Ясновка ауылында – 531 см, тәулігіне су деңгейі 3 см төмендеді. Үлкен Тораңғұл өзенінде – Корнеевка ауылында – 393 см”, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қоса кетейік, Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан судың биіктігі 16 сәуір күні таңертең 257 см құрады.

Shares