Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінің 1000-ға жуық студенті білім грантына ие болды

Қозыбаев университетінің 1000-ға жуық студенті білім грантына ие болды

Мемлекеттік білім грантын алу – әрбір талапкердің арманы. Биыл тегін оқу бақытын Қозыбаев университетінде 1000-ға жуық студент иеленіп отыр. Ағымдағы жылдың ерекшелігі – балалардың Аризона университетімен бірлескен халықаралық қос дипломдық бағдарлама аясында тегін оқу мүмкіндігі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Бұл – жаңа бағдарлама. Біз оны биыл ғана іске қостық. Бірақ қазірдің өзінде 170 грантымыз бар. Айта кетерлігі, бұл бағдарлама аясында өте жоғары ұпай жинаған балалар оқиды. Міндетті талап – ағылшын тілін білу. Университет студенттерге бірінші курстан бастап тілдік кедергілерді жеңуге көмектеседі. Сондықтан, келесі жылы талапкерлер саны көбірек болады деп ойлаймын», – дейді қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.

Талапкерлер құжаттарын 25-ші тамызды қоса алғанда тапсыра алады. Бұл іс «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да, университеттің қабылдау комиссиясында отыратын техникалық хатшылардың да көмегімен жүзеге асады.

 

Shares