Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінің оқытушылар құрамы толықты

Қозыбаев университетінің оқытушылар құрамы толықты

Қозыбаев университетінде Аризона университетімен қос дипломды бағдарламалардың студенттеріне сабақ жүргізу үшін оқытушылар қатары толығуда. Оқыту толығымен ағылшын тілінде үш бағыт бойынша жүргізіледі: ақпараттық жүйелер, биотехнология және педагогикадағы инклюзия, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Үміткерлер шет тілін еркін меңгерумен қатар, педагогикалық және зерттеу жұмыстарында да бай тәжірибеге ие болуы керек.

ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, IT бағыты бойынша аға оқытушы лауазымына алғашқылардың бірі болып Әсем Шәкімова қабылданды. Тәжірибелі маманның еңбек жолы: шекара қызметі мен Шекара Академиясы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы аударма және редакторлық қызмет, Американдық Қызыл крест және т.б. Ньюкасл университетінің адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. Сондай-ақ Нидерландыдағы БҰҰ Өңіраралық ғылыми-зерттеу институты жанындағы жасанды интеллект және робототехника Орталығында тағылымдамадан өтті. Мұндай жарқын мансаптың «Шет тілдері» мамандығы бойынша бакалавриатта бастау алғаны ерекше қуантады.

«Біз Аризона университетімен ынтымақтастық жобасына ерекше назар аударамыз. Бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытамыз, студенттеріміз жоғары халықаралық деңгейде сапалы білім алуы үшін жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды енгіземіз»,- деп атап өтті Басқарма Төрағасы–Ректор Ербол Исақаев.

Shares